Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,Бастауы берекені - құттықтау

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,Бастауы берекені

Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,

Бастауы берекенің табылғанға.

Биікте болсын әркез жұлдызың деп,

Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!

 

Ауылға құт-береке орнағансын,

Ақтерек ардақтайды бел баласын.

Туыңды туған жерге тігіп едің,

Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.

 

Қалдырып артта қалай қиындығың,

Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.

Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел

Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.

 

Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,

Есдәулет ақын рухы кеңескенде.

Елін жебеп жүргендей елестейді

Қараш батыр сонау бір белестерде.

 

Арналсын ...жанға ақ-адал күн,

Ер жасы елуіңде бағаландың.

Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,

Рухы қолдай берсін бабалардың.

 

Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,

Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.

Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,

Таптың сен жұмысын да, ырысын да.

 

...жан, сүйіндірді нар талабың,

Халқыңның ақ алғысын арқаладың.

Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,

Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »