Мерейтой тілектері - құттықтау

Мерейтой тілектері

Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
   Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз  жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында  мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
     Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
 
 

   Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
   ...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен  құттықтаймыз!
   Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
   Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!

Парасат (49-61) » Аталық (61-73) » Қарттық (73-тен кейін) »