Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,Бәрін болжап жүретін - құттықтау

Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,Бәрін болжап жүретін

Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,

Бәрін болжап жүретін алдағының.

Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,

Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

 

Анамыз Айшаменен қанаттасып,

Жүріңіз әр күн сайын алға басып.

Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,

Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

 

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,

Біз үшін ардақты ғой алтын басың.

Немереден көріңіз шөберені,

Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »