Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,Маңыздысы - б - құттықтау

Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,Маңыздысы - б

Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,

Маңыздысы - бүгін туған жан ізгі!

Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,

Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.

 

Ренжітпей үлкенді де, кішіні –

Жүрегімен түсінетін кісіні.

Мынау өмір жұмақ болып кетер ед,

Сіздей болса бар адамның пішіні.

 

Қарапайым қалпын сақтап биіктік,

Ұл – қызы мен отағасын иітіп.

Ана болып, пана болып отырсыз,

Бір әулетті ұйытқыдай  ұйытып.

 

Сізге қарап бой түзейді қыздар да,

Сіз күлгенде ерімейтін мұз бар ма!

Иман бар деп, иба бар деп иланам,

Ортамызда күлімдеген сіз барда.

 

Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,

Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!

Төбеңізге Құдай келіп,шашу қып,

Аппақ нұрын шашып тұрған тәрізді.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »