Жақсылардың шапағаты жетелейді,Өмір – мұхит, ал, - құттықтау

Жақсылардың шапағаты жетелейді,Өмір – мұхит, ал,

Жақсылардың шапағаты жетелейді,

Өмір – мұхит, ал, оларды – кеме дейді.

Жол көрсетіп, дұрыс істі мақтан тұтса,

Онша-мұнша қателерді елемейді.

 

Ізгілікті қамтып алған теңіздейін,

Жақсыларды пана тұтып мен іздейін.

Мөлдір сезім жолын ашса жүрегіме,

Үмітімді ағалардан мен үзбейін.

Сізді, аға ойласам – мен шаттанам,

Тербеледі толқындай боп бақ талабым.

Жүрегімнің түкпірінде оянады

Жетпістегі сізге арнап жатқан әнім.

 

Шүкір деймін өзіңіздей жан барына,

Жақсылықты тілеймін мен жалбарына.

Сіз секілді аға болса – біздей іні

Алаңдамай қарайды ғой алдарына.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »