Егеухан МұқамәдиқызыЖетпіс беске жетті менің ақ ш - құттықтау

Егеухан МұқамәдиқызыЖетпіс беске жетті менің ақ ш

Егеухан Мұқамәдиқызы

Жетпіс беске жетті менің ақ шалым,

Үнеміге қас-қабағы баққаным.

Ардақтым да, ақылшым да осы шал,

Тал бойынан тарыдай мін таппадым.

 

Шағала шақ он жетімде сырласқам,

Қияс ойлап, қиғаш жүріп, қырды асқам.

Қадам сайын Қадыр Алла жар болып,

Аражігім ажырамай жымдасқан.

 

Мінетін-ді жүйрік, жорға бір атын,

Мама, жуас, қойған жерде тұратын.

Кей-кездері ат қашты, - деп түн бойы,

Таң бозында үйге жетіп тынатын.

 

Өмір-майдан бұрқасынды, толқынды,

Түрен түріп тылсым дүние тоң, тынды.

Арғымақтың ақ жалына жармасып,

Талап, төзім тамшысымен мен нұр тұнды.

 

Көп белесті бірге асқан осы шал,

Жыр жалғанда сөзі нәрлі, тілі бал.

"Егеуханның Кәбі" атанған кәдімгі,

Аңызы бар, абыз болсын осы шал.

Кәп шалымды танып ал.


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »