Разбек қажы батасы - құттықтау

Разбек қажы батасы

сайтқа қосқан  aisa71 Дүниеде кем болмайды баталы құл,Шашайын батаменен жемісті гүл. Қосылған теңін тауып екі жастың, Әуелі жасын ұзақ бақытты қыл. Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл, Әр іске асықпайтын сабырлы қыл. Алдында үлкендердің абыройлы, Өзінен кейінгіге қадірлі қыл. Сөйлесе айтқан сөзін жүйелі қыл, Қалдырмай қатарынан киелі қыл. Тілеуін екі жастың қабыл етіп, Ат мініп жүгін артар түйелі қыл. Әумин....
Бата-тілектер » Жас жұбайларға бата »