Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - құттықтау
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі.Тұрсынхан Әбдірахманқызы Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады, Сан армандар іске асты ойыңдағы. Терезесі тең елдер қатарында Салтанатпен өтуде тойың-дағы. Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік, Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп, Азаматтар ақтады сеніміңді Талай істе танытты кемеңгерлік.
/Шығыс Қазақстан әкімінің құттықтауы/Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Ресми мерекелерге » Тәуелсіздік күні »