Жан болған соң бауырмал да, жайдары, Ынтымақ - құттықтау
Жан болған соң бауырмал да, жайдары, Ынтымақ
Жан болған соң бауырмал да, жайдары,
Ынтымақтың Сіз ұйытқысы, қайнары.
Жетпіс беске жетіп тұрған жан аға,
Бұл әулеттің Сізсіз алтын Айдары!
Ағайынның ақсақалы – өзіңіз,
Теберіктей батаңыз да, сөзіңіз.
Біз – баламыз, колыңызға су құяр,
Сізді көріп тұрған кезде көзіміз.
Ақсақалсыз билік айтқан, кой дескен,
Қаншама ой шығады екен тойда естен...
Біздің тілек жүзге жеткін, жан аға,
Қол ұстасып жүріңіз көп, сан доспен!
Именно потому, что Вы такой чуткий и веселый человек, Вы являетесь организатором и началом нашего единства. Дорогой брат, сегодня Вам исполнилось семьдесят пять, и Ваша семья всегда с Вами.
Вы – главный аксакал всего рода, ваши бата и пожелания всем нужны. А мы еще совсем юны, и при Вашем появлении готовы вам служить. Без присутствия аксакала властвовать, значить быть глупцом. Сколько слов теряется на таких торжествах. Самое главное наше Вам пожелание: живите до ста лет, и будьте также уважаемы среди своих друзей!
Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »