Адам Ата мен Хауа Ана /тағлым - құттықтау
Адам Ата мен Хауа Ана /тағлым
Адам Ата мен Хауа Ана Ежелгі заманда Құдай он Адам атаны жасапты. Күндердің бір күнінде олардың іштері пыса бастайды. Осы жағдайын олар Құдайға айтыпты. Тәңірім олардың қолына қамырды беріп тұрып: - Әрқайсың өз қалауыңша өзіңе ұнайтын әйел жасап алыңдар, бірақ бір түйір қант салуды ұмытпаңдар, сонда ол әйелмен өмірлерің тәтті болады, - деп бір шыныаяққа салып қант береді. – Жасап болған соң айтыңдар, мен әйелдерге жан бітіріп беремін. Бір кезден соң еркектер он әйелді жасап болғандарын айтады. Шыныаяққа қараған Құдай ашуланады: - Мен сендерге 11 түйір қант берген едім. біреуің алаяқтық жасап, бір әйелге екі қант қосып жіберіпсіңдер. Кім бұлай істеген? - Адам аталарда үн жоқ. Ешкім мойындамайды. Сонда Құдай оларға өздері жасаған әйелді бермей, бәрін ауыстырып таратып береді. Міне, сол заманнан бері он еркектің тоғызы өзгенің әйелі тәттірек болады деп ойлайды, себебі оған бір қан артық қосылып кетті ғой. Тек қана бір еркек әйелдердің бәрі бірдей болатынын біледі екен, себебі артық бір түйір қантты ол өзі жеп қойған еді...8 наурыз » Өсиет »