Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып к - құттықтау

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып к

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсекте, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.

Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, окыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман-тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын!



Уважаемые мои одноклассники, мы в эту золоту орду «вошли как маленькие зернышки, а выходим из нее как горы»! Мы сегодня уходим из нашего золотого гнезда, и идем вперед к своей новой жизни. И я хочу пожелать вам, куда бы мы ни пошли, где бы мы не были, сколько бы нам не исполнилось, давайте не забывать друг друга.

Пусть в нашей памяти всегда хранятся наши имена. Потому что у нас одна школа, общие учителя, вера, родной язык, родина, время, общество, а самое главное у нас общий очаг, а также у нас общие мечты. Поэтому друзья мои, как сказал наш Коркыт баба: «Да не качнутся наши помыслы, не сломимся перед трудностями, наша жизнь пусть всегда течет, и чтобы все были в здравии». Пусть все эти пожелания, друзья мои, будут нашим талисманом!


Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер »