Жар жанары - құттықтау
Жар жанары
Тамада кітабынанАсыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,
Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.
Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,
Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!
Жаратқан ұлда берді, қыз да берді,
Түсіме ене алмайды қыздар енді.
Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,
Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.
Уық қостың сен менің уығыма,
Жылынамын жаныңның жылуына.
Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,
Өбектеп менің ыстық – суығыма.
Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,
Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.
Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,
Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.
Аяулым, жаулап алған ер жүрегің,
Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.
Бар бақытым бір менің басымдағы
Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.
Жарыма » Соңғы қосылған дүниелер »