Оңтүстіктің қыздары-ай! /Нұрмахан Назаров - құттықтау
Оңтүстіктің қыздары-ай! /Нұрмахан Назаров
Оңтүстiктiң қыздары-ай Мойыл қара көздерi, Шекер мен бал – сөздерi. Гүлдер шоғы секiлдi, Топ боп шығар өздерi. Бiр көргеннен сiздердi, Жүрек шiркiн сыздар-ай. Ынтық қылған бiздердi Оңтүстiктiң қыздары-ай! Албыраған жүзi бар, Көрген адам қызығар. Ұстаз көрген шәкiрттей Көп алдында сызылар. Сөз маржанын төк мейлi, Тым елжiреп кетпейдi. Ер кiсiнiң ешқашан Алдын кесiп өтпейдi. Қасы-көзi қияқты, Бiлетiн ар-ұятты. Әдептiлiк, әсемдiк Жәрмеңкесi сияқты. Омыраусыз, жағасыз, Қысқа көйлек кимейдi. Мың бұралтып, құбылтып, "Құдашаға” билейдi. Өткiзiп ап уақытты, Ыстық жүрек мұздар-ай. Ойымнан бiр кетпейсiң, Оңтүстiктiң қыздары-ай... Нұрмахан НАЗАРОВ, Түркiстан қаласы.Ресми мерекелерге » 8 наурыз »