Ту көтеру рәсімінде ұландарға әскер шен табыстауда Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі - құттықтау

Ту көтеру рәсімінде ұландарға әскер шен табыстауда Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзі

– Біз жыл сайын тұғыры биік Туы­мызды көтерген сәтте Отан шебін қор­ғауға кіріскен ұландарымызға әскери шендерін табыс етеміз. Бұл – келбеті келіскен, қайраты то­лысқан жауын­герлерімізге атаның ама­наты, ананың ақ тілегі болып саналады. Ер-азамат үшін Отан қорғаудан құнды еш нәрсе жоқ! 7 мамырда өткен әскери шеру ел қауіпсіздігін ерлеріміз сенімді қорғай алатынын көрсетті. Қастерлі тудың түбі­нен аманат арқалаған аза­маттар ел сенімін ақтайтынына мен се­немін! Әрдайым бой­ларың сергек, көз­дерің қырағы, жү­ректерің түкті болсын, жас өрендер! Осы күні бүкіл халық өз тағдырын әс­кер­­мен байланыстырған жастардың бар­лығына Отанды қорғау аманатын арқ­а­­ла­тады. «Қазақстан – бейбіт, тағат-толерантты ел. Ол – әлемдегі және іргелес қонған барлық елдер үшін тату көрші, сенімді әріптес. Бірақ біздің Қа­рулы күштеріміз қауіп­сіздікті, Отанның тә­уелсіздігін, қазақстан­дықтардың бейбіт өмірін қырағы күзетуде. Сондықтан да оларды мем­лекет мұқият назарда ұс­тайды».   Жоғарғы әскери оқу орын­дарын бітіріп, біздің Армияны толық­тырып жат­қан барлық жаңа сардарлар­ды офицерлік атақтар алуымен құттық­таймын.   – Сіздер – жас офицерлер, Отанды қанымен қорғап қалған аға ұрпақтың ерлігіне лайық боласыздар деп сене­мін! Өмірлеріңде алғаш рет офицерлік шен алып отырсыңдар. Алдарыңа үлкен мақ­сат қойып, әскери маман болуға бе­кін­діңдер. Әрқашан да аман-есен болың­дар, елімізде бейбітшілік болсын. Еш уақыт­та соғысқа қатыспаңдар, бірақ әрқашан да Отанды қорғауға дайын болыңдар! Жас сар­дар әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасасын:  «Әскерде өздерің сияқты жас жігітт­ерге аға болып, қолдау көрсетіңдер. Олар­дың барлығы – қазақстандықтар­дың ұлдары. Соларға мұқият қарап, туған ағадай бо­луға тиіссіңдер! Сарбаздар­ға бар көңіл­деріңмен қарап, қамқорлық жасаңдар. Сонда біздің әскеріміз мықты болады» 
Ресми мерекелерге » Отан қорғаушылар күні »