Сайтқа арнау /Ғабиден Қожахмет - құттықтау
Сайтқа арнау /Ғабиден Қожахмет
Сайтқа арнау Жүректерді ізгілікке елең ғып, Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ. Салтанат па,мереке ме,мейрам ба, Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт. Шын жүректен сөз арнады егіліп, Сол сөзінен сергек көңіл,сенім ұқ. Туған күн бе,мерейтой ма,кештер ме, "Қуанышың құтты болсын!" деді жұрт. Сол ортада болмас көңіл тек мұңды, Кеуделерге шаттық лебі кеп кірді. Бір-біріне шын көңілмен көпшілік "Құтты болсын!", "Құтты болсын!" деп тұрды. Сауықты ұғар әуел бастан мына жұрт, Кездесетін тойда басы құралып. Сол тойларда "Құтты болсын!" деп тұрды Бірі үшін бірі елдің қуанып. Армандарға ақ тілектен жақшы үміт, Саған тәнті болып отырсын көпшілік. "Құтты болсын!" айт селкеусіз көңілмен, Сол сөзіңде жатсын барлық жақсылық. Біріңді,дос,бірің келіп ескергін, Шаттық барда көңілдерден көшкен мұң. Қуанышына ел мен жұрттың арналған "Құтты болсын" сайтына қош келдің! Ғабиден ҚОЖАХМЕТМерекелік күнтізбе » Мерекелік күнтізбе »