Тілектер - құттықтау
Тілектер
Тамада кітабынанЖарыңның қабағына мұң түсірме,
Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.
Жүрегіңде мейірім, иман болса,
Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.
Әлпештейді, аялайды адал жар,
Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.
Өзіңді өзің құрметтегің келсе егер,
Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар.
Жүрер біреу жарының, жанын ұқпай,
Жүрер біреу әлпештеп, абыржытпай.
Өзің сүйіп алдың ба,
Өмір бойы,
Әйеліңді қадірле қалыңдықтай.
Жарыма » Соңғы қосылған дүниелер »