Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала - құттықтау

Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала

Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіпқонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының, осы ұлан-ғайыр даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бүгінгі күнімізге жеткерген батыр бабаның ұрпақтары құрметті жігіттер!

Сендерді бүгін әскерге шығарып салып тұрғанда айтар сөзіміз: аман барып, сау қайтыңдар! "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп ұл-кыз өсірген елдің ұрпағысыңдар. Қашанда жүздерің жарық, мәртебелерің биік болсын! Жаратушы ие ақ жол, сәттілік берсін!

Осында отырған қаракөз қарындас, бауырларыңыз "әрқашан сіздер біздің жүрегіміздің төріндесіздер" деп қош айтысады. Жақсы күнде, жақсы айда қайта кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!


Жаңа жыл » Ресми мерекелерге »