Марапаттау рәсімі / Орден (медальмен ) құттықтау - құттықтау
Марапаттау рәсімі / Орден (медальмен ) құттықтау
Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімін аша отырып, Тәуелсіздіктің 22 жылында елімізде бірқатар жақсы дәстүрлер қалыптасқанын атап өтті. – Солардың бірі – Қазақстанның басты жалпыұлттық мерекесі қарсаңында республикамыздың ең лайықты азаматтарын марапаттау. Мұның өте терең символдық мәні бар, өйткені мемлекетіміздің тәуелсіздігі, осы жылдар ішінде сіздер мен біздер жасаған нәрсенің бәрі әрбір жеке адамның еңбегінен құралады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қызметі мен кәсібіне қарамастан патриотизм, өз ісіне берілгендік, Отан игілігі жолындағы қажырлы еңбек марапатталғандардың барлығын біріктіретінін айтты. – Бәріміз награда алу үшін жұмыс істемейміз, тек өзіміздің күнделікті ісімізді атқарамыз. Адам сүйікті ісіне жан-тәнімен беріліп, оған өзінің барлық күш-жігерін жұмсаған кезде марапат пен сый-құрмет оны өзі іздеп табады. Біз үшін ортақ марапаттың ең құндысы – жаңа биіктерді бағындырып келе жатқан, күллі әлемге танылған, гүлденген Қазақстан. Мүлтіксіз атқарылған жұмыс үшін ең жақсы марапат – оны одан да жақсы істеуге мүмкіндік беру деседі. Біздің қоғамның аса маңызды құндылығы – оны біріктіретін қажырлы еңбек. Сондықтан мемлекет атынан біз өз еңбегімен зор табысқа жеткен азаматтарға ерекше құрмет көрсетеміз. Қазақстан Президенті бүгін жоғары мемлекеттік наградалар ғалымдарға, мәдениет пен өнер, білім және денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндіріс иелеріне, қоғам қайраткерлеріне, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылатынын атап өтті. – Сіздердің бәріңіз жаңа Қазақстанды құра отырып, барынша үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін күш-жігерлеріңіз бен таланттарыңызды аямай жұмсап келесіздер. Сіздердің жетістіктеріңіз өз әріптестеріңізді және барлық азаматтарды зор биіктерге жігерлендіретініне сенемін. Өйткені, біздің алдымызда жаңа, анағұрлым ауқымды мақсаттар тұр. Нақ осындай жасампаздықпен алға қадам басу – Тәуелсіздігіміздің басты мән-мағынасы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Түрлі тойларға » Жеңісті шақтарға »