Жастықтың шамы – махаббат,Бақыттың дәмі – махабба - құттықтау

Жастықтың шамы – махаббат,Бақыттың дәмі – махабба

Жастықтың шамы – махаббат,

Бақыттың дәмі – махаббат.

Сүюдің ұрса киесі,

Жанарлар өтер боталап.

 

Махаббат – мәңгі таусылмас,

Мүскінге мойын ол бұрмас.

Жүрекпен адал сүйгендер

Сезімнің гүлін солдырмас.

 

Махаббат – асыл гауһар тас,

Махаббат жыры таусылмас.

Жалын боп жанған ғашықтар

Бір-бірін жолда қалдырмас.

 

Жүректің нәрі – махаббат,

Сыйластық мәні – махаббат.

Тірлікке тірек болатын,

Өмірдің мәні – махаббат!


Махаббат туралы » Мақал-мәтелдер »