Көрші қыз. Erkosh Slamgaliev - құттықтау
Көрші қыз. Erkosh Slamgaliev
Таң атқанда жүгіретін, күшігімен көрші қыз, Атын танып білмеуші едім, бірақ, біздер көршіміз! Терезеден сығалаған - мені байқап қоятын, Сезімімді сезбеуші едің, Әттең, әттең, көрші қыз! Суреттедім, ұйықтап жатып түсімде, Сурет па едің, ғажап па әлде, мүсін бе? Терезеден сығалаған – маған қарап жымидың, Бұл не пәле? жоқ, сиқырлы күшің бе? Көңілімде көктем орнап кететін де тұратын, Сені көріп, арнасынан тасып жатты қуатым. Өзгерісін сезесің бе, көрші қыз-ау, сезімнің Қылқаламын қолына ап, жиі шабыт тұнатын? Тіл қатамын саған қарап, бірақ, әйнек артында. Сұлулығың сақтала ма өмір бойы қалпында? Сеніменен шектеп қойған ылғи шыны болатын, Сен деп жүрмін менің жұбым, менің жұбым, жартым да. Жүгіресің, күшігіңді ойнақтатып жаныңда, Боп тұрасың айналардай гүл бейнеңмен сағымға. Сені көріп, сырға батып, түйінімді түсіндім, Шектеудің жоқ екендігін сезім дейтін ағынға. Шыны артында әлі жүрмін тіл қатуға бата алмай, Терезеде әлі тұрмын, ілмекті ұстап аша алмай. Сені көріп, күтіп алып, сезсем бе деп қолыңды Есікті ашам, іркілемін, тысқа қадам баса алмай. Сол бір түні мен өзімде батылдықты ашқанмын Ал, таңертең жүгіретін – сені күтіп тосқанмын Бұрылыстан сені көріп қуанған ем, Қап! Әттең! Күшігің жоқ, Қолын ұстап келе жаттың басқаның. Ғашық болған жүрегіме жоқ ешқашан кешірім, Тимегені дұрыс болды менің саған кесірім. Саған қарап сығалайтын әйнектегі жақтауда Қалып қойды суретің мен «Көрші қыз» деп есімің. Е. Сламғалиев.Аралас » Ғашығыма »