Ертелі-кеш тынбастан томпаңдайтын, жеңешем,Қас-қа - құттықтау

Ертелі-кеш тынбастан томпаңдайтын, жеңешем,Қас-қа

Ертелі-кеш тынбастан томпаңдайтын, жеңешем,

Қас-қабаққа қарайлап жаутаңдайтын жеңешем.

 

Қыз Жібектің өзі деп аға алған,жеңешем,

Пері ме? деп көпшілік аң-таң қалған, жеңешем.

 

Жерге тиер тік тұрсаң қолаң шашың,жеңешем,

Еске салар Айды қалам қасың, жеңешем.

 

Талай жігіт қалды-ау Әттең-айлап, жеңешем,

Бұйырмастан біздерге кеткені-айлап, жеңешем.

 

Ыстық буы палаудың шұбатылды, жеңешем.

Қыз-ғұмырың кейіннен ұзатылды, жеңешем.

 

Енді отырсың үйіңнің құрап басын, жеңешем.

Төртеу еттің ағамның бір-ақ басын, жеңешем.

 

Әлі күнге қайныңыз сүр бойдақ жүр, жеңешем,

Сұлу сіңлің болса егер бізді ойлап жүр, жеңешем.

 

Сөз таба алмай қыздарға отырамын, жеңешем,

Қол ұстатсаң ар жағын қатырамын, жеңешем...


Келініме » Туыстарға »