Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшым - құттықтау

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшым

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!


Ата-әжеге » Туыстарға »