Баршамызға бақытты өмір беріп,Бойымызға орнаттың - құттықтау

Баршамызға бақытты өмір беріп,Бойымызға орнаттың

Баршамызға бақытты өмір беріп,

Бойымызға орнаттың сенім берік.

Қашан болсын орын ап төрімізден

Отыра бер көркейіп, көңілденіп.

 

Көсегеміз көгеріп бір өзіңмен,

Жылылықты сеземіз гүл өңіңнен.

Отбасыңа мейірбан бола білдің,

Нұр сәулелі нәп-нәзік жүрегіңмен.

 

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,

Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.

Алшаң басып жүре бер арамызда,

Тарқамасын әрдайым берекеңіз.


Туыстарға »