Әлпештеген, аялап асыраған,Аяулы ана, ақ ниет асы - құттықтау

Әлпештеген, аялап асыраған,Аяулы ана, ақ ниет асы

Әлпештеген, аялап асыраған,

Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.

Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,

Қиын-қыстау күнде де жасымаған.

Сыздағасыз,

Сан рет мұздағасыз,

Шәкіртке де,

Бізге де ізгі анасыз.

Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,

Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.

Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,

Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.

Аялаған аққуын айдындай боп

Асыл Ана, жүре бер арамызда!


Туыстарға »