Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляц - құттықтау
Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляц
Сәбит ӨСКЕМБЕКОВ, Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы:
– Біз қалай айтсақ та өткен өмірімізді сызып тастай алмаймыз. Ол мәңгілікке біздің жадымызда қалып қойды. Ұнасын, ұнамасын, ол бізге байланысты емес. Кеңестер одағы кезінде Қазақстан біздің туған жеріміз деп есептелді де, Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. Соған біз ант бердік. Орталық, батыс сияқты топтарды аға буын ұмытпаған шығар. Қолымызға автомат ұстап ант бергеннен кейін, бізді кенеттен соғыс болып қалған жағдайда екі сағат жауларды өз күшімен ұстап тұр деп оқытатын. Ол кезде бар қауіп Батыстан, НАТО-дан деп күттік қой. Кеңес сабақтары әр солдат сол міндетті екі сағатқа шыдауы керек деп үйретті. 23 ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін, оны жоққа шығарып қажеті жоқ, біздің өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін 7 мамырдың Отан қорғаушылар күні деп аталғаны да көңілге қонады. Қайсыбір жылдары бұл атаулы күнді 9 мамыр Жеңіс күнімен қосып жіберу керек еді деген де әңгіме шықты, Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен келген, сондықтан, 9 мамыр ол егемендік алғаннан кейін өсіп-өнген ұрпаққа отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет.
Отансүйгіштік қасиет ол әр баланың бойында болуы керек. Оны көбісі абстракциялық ұғым деп түсінеді. Үлкен-үлкен лауазымды қызметте жүрген кейбір дүние-байлықты күйттеп кеткен шенеуніктер бастарына іс түссе, Отанын тастап шетелдерге қашып кетуі мүмкін, оларда ешқандай отан жоқ деп ойлаймын. 1937 жылы құрбандыққа шалынып кеткендер «өзге елде ит өліммен өлгенше, өз елімнің топырағы бұйырсын» деген түйсікте болған ғой. Қазіргі басына іс түскендер солардай ерлік жасай алар ма? Бұл енді тәрбие басы тал бесікте жатыр, отаншылдық сезімі сәби кезінен санаға сіңірудің арқасында ғана даритын ұғым.
Отан қорғаушылар күні » Ресми мерекелерге »