Кетті қысқы ызғар,Еріп жатыр мұздар - құттықтау

Кетті қысқы ызғар,Еріп жатыр мұздар

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!

 

Болса өзге жүрек,

Адамға адам – тірек.

Сіздерге айтар мынау,

Мерекелік тілек:

 

Қарау жүрсін қашық,

Алшы түссін асық.

Берекесін берсін,

Сіздер еткен кәсіп!

 

Әр таңдарың атқан,

Бақыт берсін батпан.

Құрастырсын құдай,

Табысыңды тапқан!


8 наурыз » Ресми мерекелерге »