Ағайынға - құттықтау
Ағайынға
Серікбай ОспанұлыЕң жақын ардақты өзің ағайыным,
Таң болсаң, шашылатын арайыңмын.
Қағатын есігімді күні-түні
Қонағы сен көкірек сарайымның.
Қалғанмын жүрегіңде,
Жусаң кетпес,
Қасыңнан көлеңкеңмін қусаң кетпес.
Сен егер туған жерде жусан болсаң,
Мен бір түп өсімдікпін жусан текпес.
Соңғы қосылған дүниелер »