Елімізді жаусыз ет,Дұшпандарды елсіз ет - құттықтау

Елімізді жаусыз ет,Дұшпандарды елсіз ет

Елімізді жаусыз ет,

Дұшпандарды елсіз ет.

Ұл-қызымды, мінсіз ет.

 

Бейбітшілік заман болсын,

Отбасыларың аман болсын.

Ұл-қызыңның болашағын,

Көретұғын шамаң болсын.

 

Дендеріне саулық берсін,

Несібеңді молғып берсін.

Жақсылықты жаршы етіп,

Ұлы Алла жарлық берсін.

 

Болсын аман туыстарың,

Жаман іске жұғыспағын.

Болмашыға өкпелесіп,

Достарыңмен суыспағын.

 

Мен тілеймін оңдасын деп,

Ұлы Алла қолдасын деп.

Осы отырған барлығыңа,

Еш жамандық болмасын деп.

 

Көл – көсірғып елге бақ бер,

Әрқайсыңа ұзақ жас бер.

Қосылсаңдар қол жайыңдар,

Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!


Ораза айт / Құрбан айт » Ресми мерекелерге »