Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылғ - құттықтау

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылғ

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын.  Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана  жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін!  Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!

Жаңа жыл құтты болсын!


Жаңа жыл » Ресми мерекелерге »