Наурыз әзіл әні - құттықтау
Наурыз әзіл әні
Сөзін жазған Оразақын АсқарМузыкасын жазған Қосан Үбірғалиев
Жігіт: - Сізді көріп сермеді жыр құлашын,
Кеудемде бір қамданып тұрды лашын.
Наурызда жөн сұрау айып емес,
Амансың ба? Атың кім Құрбыласым!
Қыз: - Жыр дегенің әнің бе жер тепкізген,
Жөн сұрайтын бар ма адам еркек бізден.
Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ,
Сыйлық беріп әжемді селт еткізген.
Жігіт: - Не десең де теңсіңдер, еріктерің,
Сый жинауға алаңға келіп пе едің?
Өйтетіндей ескеріп ерте тұрып,
Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?
Қыз: - Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік,
Қозы келсе болар ма Баян да ерік.
Ұйқың әлі, жігітім, ашлымаса,
Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?!
Жігіт: - Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген,
Ендігіде жөніммен дұрыс келем.
Наурыздың, құрбылас, құтты болсын,
Танысармыз «бір көрген біліс» - деген...
Наурыз сценарийі » Соңғы қосылған дүниелер »