Балаларға арналған өлеңдер - құттықтау

Балаларға арналған өлеңдер

Айналайын Баладан
(Екі баланың айтуына арналған)
- Айналайын баладан,
Тауып алған даладан.
 
- Далада бала жата ма?
- Түсіп қапты шанадан.
 
-.......біздің қайда екен?
- Қыздарменен тойда екен.
 
- Тойда неғып жүр екен?
- Алма теріп жүр екен.
 
- Алмасынан кәнекей?
- Жаңа теріп жүр екен.
 
- Жаңасынан кәнекей?
- Қабы толмай жүр екен.
 


Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш!
 
Мынау тұрған бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
 
Алақанның тұңғышы
Болсын осы жылқышы.
 
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
 
Отран терек - ұзыны,
Түйе бақсын, қызығып!
 
Шылдыр шүмек - бұл саусақ,
Қой бағуды тұр аңсап.
 
Титтей бөбек-шынашақ,
Сен дайында жер ошақ.
 
Білекке енді барайық,
Онда не бар табайық:
 
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар.
 
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
 
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа!
 
Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май!
 
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Бидай салам, қолыңды аш.
 
Төгіп алмай, күлем деп,
Балапанға барып шаш!
 

сценарийлер » Соңғы қосылған дүниелер »