Ұл мен қызға айтарым,Соңыына ерме сайтанның,Дәмі - құттықтау

Ұл мен қызға айтарым,Соңыына ерме сайтанның,Дәмі

Ұл мен қызға айтарым,

Соңыына ерме сайтанның,

Дәмі бірдей болмайды,

Бидай менен арпаның.

Туыс пенен алыстың,

Арасын жақсы байқағын.

Сақтағайсың барлығың,

Берекесін ортаның.

 

Берекені бұзбауға,

Келіндерге айтарым,

Сыйлас болса абысын,

Татулықтың құлысың.

Күйеулерге айтарым,

Көңілін тап баршаның.

Барлығыңа ақыл ғып,

Сендерге бар айтарым,

Бірлікпенен шешіңдер,

Дүниенің тарлығын.

Сабырлықты сақтасаң,

Туады әлі - ақ жаз күнің,

Қиындық көрсең, біреуің,

Көмектескін барлығың.

Қолда барды әрқашан,

Үнемді етіп ұстағын.

 

Көрсе қызар болмағын,

Бірлесіп шеш ол жағын,

Алуан - алуан жүйрік бар,

Қамын ойла ордаңның.

Балаларың базарың,

Тыс қалмасын назарың,

Тәптіп пенен білімге,

Бұратын бұл қадамың.

Білімсіз боп қалмасын,

Біреуі де балаңның,

Қартайғанда солар ғой,

Арқа сүйер адамың.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »