Екі жасқа Ақ тілек! (қосқан Әлия) - құттықтау
Екі жасқа Ақ тілек! (қосқан Әлия)
Игіліктің тойына
Билет келді қолыма,
Билет ұстап отырып
Нелер түсті ойыма.
Кешеғана кішкентай
Игілік бүгін ер жетті
Ер жеткені осы ғой
Қызылжардың қызына
Үйленетін кез жетті.
Айналайын қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірлік болсын өзіңе
Таңдап алған адамың.
Қондырған құстың қолыңа
Бақыт құсы болсыншы
Бақыт, дәулет бірдей боп
Ырыс келіп қонсыншы.
Туған-жуыс қуанып
Жасап жатыр үлкен той
Абайдың ізі - жалғасы
Бәрімізге ортақ той.
Жастайыңнан мәпелеп
Қатарға сені қосам деп
Абайымның көзі деп
Аузындағы сөзі деп
Саған қарап қуанған
Саған қарап жубанған
Жамбыл атты, ағаңа
Ризашылық білдіріп
Алғысымды төгейін.
Маңдайдағы жұлдызың
Жағаңдағы құндызың
Ардақтасын сені ертең
Соңыңнан ерген ұл-қызың.
Ұл-қызың мен туыстың
Қызықтарың көре бер.
Қартайғанда солардың
Рахатына бөленіп
Соңдарынан ере бер.
Игілік пен келінге
Мен тілеймін ақ тілек
Ақ махаббат берік боп
Бірге соқсын қос жүрек
Үлкен-кіші тілеген,
Қабыл болсын көп тілек
Өмірге сені әкелген
Маржан атты анаң бар
Аялап, бағып құрметтеп
Сол Анаңа қараңдар
Силап өтсең анаңды
Көтерер ел бағаңды
Ақ бата алсаң анаңнан
Жұлдыздарың жанады.
Қол ұстасып жүріңдер.
Күлсеңдер бірге күліңдер.
Бір-біріңді мәңгілік
Құрметтеңдер сүйіңдер.
Екі жақтың құдасы
Құтты болсын тойларың
Келіп-кетіп жүруге
Ашық болсын жолдарың!
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »