Жас келінге Тамада кітабынан - құттықтау

Жас келінге Тамада кітабынан

Толқиды мына жүрек,

Өріс кеңіп –

Жатырмын құдалы боп.

Ашық екен қабағы келінжанның,

Жұрт көңілінен ойлаймын шығады деп.

 

Айтып жатыр ел түгел пәк тілегін,

Береке мен келеді бақ тілегім.

«Аяғынан келіннің» деген сөз бар,

Өтсін дәйім аялап, нақсүйерін!

 

Дейді екен

«Той – құдайдың несібесі»,

Өрлей берсін

Жастардың көші, қосы.

Тату-тәтті екі жас ғұмыр кешіп,

Есте қалсын мәңгіге осы кеші.

 

Қамқор боп,

Мейірбан боп бір-біріне,

Жаманшылық көрмесін тірлігінде.

Бірлігіне бүкіл жұрт қолын соғып,

Ырза болсын көктегі нұрлы күн де.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »