Той болса көңіл серпілер. - құттықтау
Той болса көңіл серпілер.
Тірлікте күнде той емес,
Той болса көңіл серпілер.
Күндердің өткен көбі елес,
Бас қосқан шақта желпінер.
Думаны қызық қауымның,
Жақсылық қосса бастарын.
Ағынан сонда жарылған,
Жиналып кәрі, жас қауым.
Бас ұсын қартты ескеріп,
Күйеуді сыйлар төс беріп.
Тойламай көңіл тұшынбас,
Төріңе құда, дос келіп.
Ұл да өсер, ертең қыз да өсер,
Жалғасар жұрт пен жұрағат.
Сыйласып солай жүрмесе ел,
Келеді қайдан ұлағат?!
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »