Үйленген жастарға (Тамада кітабынан) - құттықтау

Үйленген жастарға (Тамада кітабынан)

Көктегі – жұлдыз ұл мен қыз,

Ата-ана үміт жалғаған.

Бәрі де бабам жүрген із,

Жалғасып жатыр арман-ән.

 

Атадан қалған мұраны,

Жатады жампоз ұл жалғап.

Ұл-қияның қыраны,

Қыз-құлпырған қызғалдақ.

 

Өнегелі ұл өсір,

Тәлімі жақсы тектіден.

Тілеуін соның тілесе ел,

Ниеті қабыл деп білем.

 

Құс болып көкке самғайды,

Қыз іздеп бақыт бөгде үйден.

Ата-анасын сыйлайды,

Көргенді келін, жөн білген.

 

Еңсесі асқақ шыңдардай,

Туысы бөлек дүлдүлдей,

Көктегі құс сұңқардай,

Үйленген мына екі жас

Мәңгілікке бір жүргей!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »