Табыстырып махаббат-алау, жалын,Орындапты екі жас - құттықтау

Табыстырып махаббат-алау, жалын,Орындапты екі жас

Табыстырып махаббат-алау, жалын,

Орындапты екі жас пәк арманын.

Біріңді-бірің сүйіп, отау құрдың,

Құтты болсын алғашқы қадамдарың.

 

Өмір-керуен,

Әлі алда сынар күн,

Көрініңдер қасынан жақсылардың.

Ақ батамды беремін қос батама,

Бір құдай мен құдама тапсырамын.

 

Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,

Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.

Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,

Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.

 

Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,

Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!

Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,

Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »