Құда назы (Тамада кітабынан) - құттықтау

Құда назы (Тамада кітабынан)

Бала-ортақ,

Жатсын, құда құрметтеп,

Құдалық-сын,

Ол да өзінше бір мектеп.

Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,

Құда-жекжат жатса егерде іздеп кеп.

 

Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,

Күйеу демен,

өз ұлым деп жүрмекпін.

Қызыңдай көр,

Құдаға айтар қолма қол,

Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.

 

Құлаққағыс,

Айттым-құда назын жай,

Күй кернесін Құрманғазы сазындай.

Екі бала ортақ бізге, сондықтан,

Мың жылдыққа

Жүрсін құшақ жазылмай!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »