Жақсы сөз айт, жақсыға ойың бұрылсын,Жүрегіңнен к - құттықтау
Жақсы сөз айт, жақсыға ойың бұрылсын,Жүрегіңнен к
Жақсы сөз айт, жақсыға ойың бұрылсын,
Жүрегіңнен көп ізгілік тірілсін.
Жақсы жерге жатқан жақсы түс көрер,
Жақсылардан жеткен сен де жұрынсың.
Жақсы сөз айт, жақсы тілек тілегін,
Жақсы сөз де – жарым ырыс, тірегің.
Жас – отауың – бас – отауға айналсын,
Өркен жайған жапырағым, жүрегім!
- деп, айналайын, жақсылардың жалғас жұрыны қос балапаным, бүгінгі шаңырақ көтерген тойларың құтты болсын!
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »