Шаңырақ көтеріп, қос аққудай, жанұя құрған_______ - құттықтау

Шаңырақ көтеріп, қос аққудай, жанұя құрған_______

Шаңырақ көтеріп, қос аққудай, жанұя құрған

_______ мен _______ заңды некелерімен құттықтай отырып, жырдан шашу шашамыз.

 

Орындалып тәтті арман тілектері,

Бірге соғып шын ғашық жүректері.

Жас шаңырақ иесі болды бүгін,

Қасиетті қазақтың түлектері.

 

Артқа тастап бүлдіршін бала шағын,

Тұтандырған өмірдің жаңа ошағын.

Жас жұбайлар бабалар дәстүрімен,

Жалғастырар халқымның болашағын.

 

Армандары сезіммен сабақтасып,

Махаббат пен бақыты қабаттасып.

Ұлтымның ұлылығын ұластырар

Қос аққудай жараса қанаттасып.


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »