Қадірлі қонақтар!Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелер - құттықтау

Қадірлі қонақтар!Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелер

Қадірлі қонақтар!

Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!

Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ер болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын;

 

Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,

Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.

Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,

Дүниеге тағы да бір үй келу.

 

Тілейміз биіктігін шаңырақтың,

Тілейміз босағаның беріктігін.

Мәңгілік екі жастың бақыты мен,

Тілеймін құдалардың татулығын.

 

Өмірлерің бақытты әнді болсын,

Өңірлерің осындай сәнді болсын.

Достық пен жастық шақ жалын атып,

Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!


Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »