Бақыт тойы үйлену... - құттықтау
Бақыт тойы үйлену...
Той жасап жатыр сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз, лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.
Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілейік құдалардың татулығын.
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »