Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,Екі жүрек ұғынысты, - құттықтау
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,Екі жүрек ұғынысты,
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
Тілейікші аппақ арман – ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер – алтын сарай салғандар,
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп,
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай – қатар тұрған періште,
Бірге ұшсын бақ – болашақ - өрісте!
Үйлену тойы » Дәстүрлі тойларға »