Күміс тойға тілектерЖиырма бес жыл құт боп келген - құттықтау
Күміс тойға тілектерЖиырма бес жыл құт боп келген
Күміс тойға тілектер
Жиырма бес жыл құт боп келген шаңырақ,
Бақ жұлдызың тұрсын көкте жамырап,
Алтын тойың болсын тағы осындай,
Бір Құдайым тілегіңді қабыл ап.
Мерейлерің өсе берсін бұдан да,
Жақсылықтың күте берсін күні алда.
Алтайдай сылаңдаса жан жарың,
Өзің ұқса шабыттанған қыранға.
Көре бергей ұрпағыңның қызығын,
Ғұмыр жолдың берсін Алла ұзынын,
Бақ-дәулетің дариядай тасқындап,
Берекесі болсын дәм мен тұзыңның.
Қуанышпен өтсін барлық тойларың,
Орындалсын мақсаттарың, ойларың,
Жүзге жетіп ажырамай жұптарың,
Бал өмірдің қызығына тоймағын.
Соңғы қосылған дүниелер »