Күміс тойың күмістей жарқылдасын,Дәулетіңнің бұла - құттықтау

Күміс тойың күмістей жарқылдасын,Дәулетіңнің бұла

Күміс тойың күмістей жарқылдасын,

Дәулетіңнің бұлағы сарқылмасын,

Арғымағы арманның алқынбасын.

Қабыл болып тілегің, жақсы атыңмен

Алыс-алыс жерлерге даңқың барсын.

Аман болсын ұрпағың, бала-шағаң,

Ажырама күлкіден, тамашадан.

Үйір-үйір есепсіз жылқы бітіп,

Күмпілдесін күнімен қара сабаң.

Ешқашанда оңбасын дұшпандарың,

Екеуіңнің жанына жара салған.

Алтын тойың тағы да бола берсін,

Бастарыңа бақ құсы қона берсін.

Тоқсан асып екеуің жүзге жетіп,

Көңілдерің осылай тола берсін!


Соңғы қосылған дүниелер »