Алтын тойға тілектер Алтын тойдың дастарханы - құттықтау

Алтын тойға тілектер Алтын тойдың дастарханы

Алтын тойға тілектер 

Алтын тойдың дастарханы,

Дастарханы мол болсын.

Берекелі қол болсын,

Тойға келген қонақтың

Бәріне сәтті жол болсын.

Тілектерің оң болсын,

Жұқармайтын қоң болсын,

Екеуіңнің кигенің

Алтын жағалы тон болсын.

Немереңді өсіріп,

Шөбереңді жетектеп,

Шашқан Алла ырзығын,

Тере берсін етектеп.

Құт болып мекен-тұрағың,

Жайқала берсін құрағың,

Лайланбасын бұлағың,

Жарқырай берсін шырағың.

Жастарың жүзге жеткенше,

Тарқамасын құмарың.


Соңғы қосылған дүниелер »