Алтын той құтты болсын,Алтындай бағалы болыңдар - құттықтау

Алтын той құтты болсын,Алтындай бағалы болыңдар

Алтын той құтты болсын,

Алтындай бағалы болыңдар.

Құндыздай жағалы болыңдар,

Күмістен тағалы болыңдар.

Өркендеген ұрпағыңның

Үзілмес сабағы болыңдар.

Жүректі туған ұлдардың

Ақылшы жарағы болыңдар,

Ай жүзді аппақ қыздардың

Сом алтын тарағы болыңдар.

Қайда жүрсең жолың болсын,

Үйіңе Қызыр қонсын.

Дәулетке дәулет қосылып,

Көңілің асып-толсын.

Жүдемей жүзге жетіңдер,

Өмірден армансыз өтіңдер.


Соңғы қосылған дүниелер »