Құтты болсын күміс той –Той дегенің ырыс қой - құттықтау

Құтты болсын күміс той –Той дегенің ырыс қой

Құтты болсын күміс той –

Той дегенің ырыс қой.

Алтын жамбы берсем де

Екеуіңе дұрыс қой.

 

Күміс тойдың аяғы

Алтын тойға жалғассын,

Жарқырасын жандарың

Жүзіндей ақ алмастың.

 

Таси берсін дәулетің,

Жарасып сән-сәулетің.

Сыйлы болып бастарың,

Жүзге жетсін жастарың.


Соңғы қосылған дүниелер »