Әріптес құрбымыздың ұзатылуына - құттықтау

Әріптес құрбымыздың ұзатылуына

Ұзатылып барады Балжанымыз,

Қарындас, сіңлі, құрбы, қарағымыз.

Балжанымыз бақыттың бақшасы боп,

Жүруге жарай алса дән ризамыз.

 

Сан түрлі қасиет бар бір өзінде –

Көркінде, ақылында, мінезінде.

Ортада нұрын шашып жүргенінде

Қадірін жақсы адамның білеміз бе?!

 

Ұжымның қадірменді қорғаны еді,

Қимастан ұзатады арман елі.

Әріптеске бақыт тілеп қалдық міне,

Әлпештеп аяласын барған жері.


Соңғы қосылған дүниелер »