Қарағым-ай (М.Мақатаев) - құттықтау

Қарағым-ай (М.Мақатаев)

Қарағым, мен бүгін үйлену тойыңа барамын,

Мен бүгін өзіңнен адасып қаламын, қарағым.

Шараптың уы іріп қаныма

Отырам бейтаныс біреудің жанына.

Көкешім, налыма,

Мен сені ұзатам бағыңа.

Тұман боп жанары, әкең де шешең де қалады,

Достарың күңіреніп, Еңліктің әніне салады,

Әкең де қалады, шешең де қалады.

Баласын баласы әкетіп барады.

Көкешім, мұңайып нетесің,

Сен бүгін ұшасың, кетесің, көкешім.

Әкеңнен, әкеңе жетесің,

Мұңайма, көкешім.


Соңғы қосылған дүниелер »